2026 жылғы 27 шілдеде сағат 10:00-де «Мен неге машинажасаушылар кәсіподағындамын?» атты бейнебайқаудың қорытындысы шығарылды. Facebook әлеуметтік желісінде өткен ашық дауыс беру нәтижесінде ең көп «Ұнайды» белгісін – 105 лайк – «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ қызметкері Буланбаев Аслан Бейсенұлының бейнеролигі жинады.
Әріптестері мен әлеуметтік желі қолданушыларының белсенді қолдауының арқасында оның жұмысы байқау жеңімпазы атанды. Жеңімпазға алғыс белгісі ретінде санаторий-курорттық емделуге сертификат табыс етіледі.
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға белсенділігі, шығармашылық көзқарасы және кәсіподақ қозғалысына деген қызығушылығы үшін, сондай-ақ дауыс беру арқылы қолдау көрсеткен барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің белсенділіктеріңіз машина жасау саласы қызметкерлерінің бірлігін нығайтуға, кәсіподақ қозғалысын дамытуға және оның ынтымақтастық, өзара қолдау мен әлеуметтік жауапкершілік сияқты құндылықтарын дәріптеуге зор үлес қосады.
_________________________________________________________________________________________
27 июля 2026 года в 10:00 были подведены итоги видеоконкурса «Почему я в профсоюзе машиностроителей?». По результатам открытого голосования в социальной сети Facebook наибольшее количество отметок «Нравится» — 105 лайков — набрал видеоролик работника АО «Алматинский завод тяжелого машиностроения» Буланбаева Аслана Бейсеновича.
Благодаря активной поддержке коллег и участников сообщества его работа стала победителем конкурса. В знак признательности победителю вручается сертификат на санаторно-курортное оздоровление.
Благодарим всех участников конкурса за проявленную инициативу, творческий подход и интерес к профсоюзному движению, а также всех, кто поддержал конкурс своими голосами. Именно ваша активность способствует укреплению единства работников машиностроительной отрасли, развитию профсоюзного движения и популяризации его ценностей — солидарности, взаимной поддержки и социальной ответственности.



Члены ОО «Отраслевой профессиональный союз машиностроителей» проходят международное обучение в Турции